Астанадағы мұз қалашықта 5 мың текше метрден артық мұз бен 7 мың текше метр жасанды қар пайдаланылады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мұз қалашықтар мен мұз айдыны - елорда тұрғындарының қыс кезінде демалатын орны. Мұздан жасалған түрлі мүсіндер, пішіндер мен композициялар қала тұрғындары мен қонақтарына қыс бойы қуаныш сыйламақ. Ең үлкен мұз қалашығы «Хан шатыр» СОО жанында орналаспақ, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.
None
None

Қазіргі кезде жұмыстар қарқынды жүріп жатыр. Биіктігі 25 метрді құрайтын еліміздің жаңажылдық бас шыршасы мұз қалашықтың ортасына орнатылды. Шырша жылтырақтармен, түрлі-түсті фольга қағаздармен оралған шарлармен безендіріліп, түнгі уақытта гирляндалар жанып тұрады. Мәди Қанапин, «ҚазДекор» компаниясының директоры: - Мұз арнайы жабдықпен өңделеді, иондалады, еріп кету қаупіне аз ұшырайды. Барлық инсталляцияларда жарық иллюминациялық шамдар қарастырылған, яғни түнгі уақытта өте әдемі болады. Қалашықтың алаңы екі мың шаршы метрге жуық. Мұнда бес мың текше метрден артық мұз бен жеті мың текше метр жасанды қарды пайдалану жоспарланған. Қалашық аумағында мұз айдыны, мұз төбешіктері, қардан жасалған мүсіндер, мультфильмдердің кейіпкерлері, қардан жасалған панно және т.б. болады. Паннодан Астананың атаулы нысандарын көруге болады. Бұдан басқа үш қысқы қалашық қалалық әкімдіктің алдындағы алаңда, Есіл өзенінде және Отан Ана монументінің жанынан ашылады.

Соңғы жаңалықтар