Астанадағы орталық базарға баратын көпір екі күнге жабылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, Гастелло көшесі арқылы өтетін Бөгенбай батыр даңғылы бойындағы эстакаданың (көпір) деформациялық қоспасында ақауларды жою бойынша жөндеу және қалпына келтіру жұмыстар жүргізу жоспарланған.
None
None

«Осыған байланысты, ақпан айының 24-і мен 25-і күндері Ш. Уәлиханов көшесінің алдында эстакаданың қозғалыс бөлігі жартылай жабылатын болады», деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты .
null 

Басқарма елорда тұрғындары мен қонақтарынан кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
null 

Соңғы жаңалықтар