Астанадағы өртеніп жатқан бұрынғы әскери комиссариат ғимаратында дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатқан - Сарыарқа ауданының әкімі С.Мұстафина

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Астанада Затаевич көшесідегі бұрынғы әскери комиссариат ғимараты өртеніп жатқанын ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлаған болатын.

Астанадағы өртеніп жатқан  бұрынғы әскери  комиссариат    ғимаратында    дәнекерлеу  жұмыстары  жүргізіліп жатқан  - Сарыарқа  ауданының әкімі  С.Мұстафина

«Бұрынғы әскери комиссариат ғимаратын балабақшаға айналдыру үшін онда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан еді», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне елордалық Сарыарқа ауданының әкімі Сәбиля Мұстафина.

Оның айтуынша, ғимаратта дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. «Одан кейін нақты не болғанын мен қазір айта алмаймын. Қазір өрт сөндіріліп жатыр», - деді С.Мұстафина өз сөзінде.