Астанадағы Павлодар облысының жәрмеңкесін екі әкім аралады

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Павлодар облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ашылды. Оны елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов және облыс әкімі Ерлан Арын аралап шықты.
None
None
Биыл Астанадағы жәрмеңкеге облыстың 150-ге жуық кәсіпорны өз өнімдерін алып келді. 1 мың тоннадан асатын тауарлардың ішінде ет, азық-түлік, ұн өнімдері және тағы басқа тауарлар бар. Оның барлығы арзан бағамен сатылуда. «Бұндай ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері елордада төртінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Бүгінде ол шара жақсы бір дәстүрге айналды. Астана тұрғындары оны асыға күтіп отырады. Осы іспетті жәрмеңкелерді әрбір аймақтың ауыл шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі деп атауға да болады. Себебі олар осы саладағы табыстарын елорда халқына ғана емес, барша республикаға да көрсете алады», - дейді И.Тасмағамбетов. Ал Павлодар облысының әкімі Е.Арын атап көрсеткендей, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы өнімдері молынан жиналды.
Соңғы жаңалықтар