Астанадағы «Сарыарқа» ауданының ХҚКО жаңа ғимаратқа көшті

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Сарыарқа» ауданының ХҚКО қызметкерлері енді күніне бір мыңнан астам адамға қызмет көрсете алады, деп хабарлады astana.gov.kz.
None
None

1 сәуірден бастап Астана тұрғындары қажетті анықтамаларды С-409 көшесі (Сейфуллин көшесінің басы), 13 мекен-жайы бойынша орналасқан «Сарыарқа» ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығынан алып, құжаттарын рәсімдей алады, деп хабарлады «ХҚКО» РМК баспасөз қызметі.

- Бұған дейін аталмыш ХҚКО Бөгенбай батыр даңғылы, 23 мекен-жайы бойынша орналасқан болатын, - делінген хабарламада.

Астана қаласы «ХҚКО» РМК бөлімшесінің директоры Руслан Ақтаевтың айтуынша, халыққа қызмет көрсету орталығы жаңа орынға автокөлік қою және тар ғимарат мәселесін шешу, сондай-ақ, халыққа қолайлы болуы үшін ауыстырылды.

- Жаңа ХҚКО-ның залы кең, 50 орынға есептелген автокөлік тұрағы бар, - деп хабарлады Р. Ақтаев.

Оның айтуынша, жаңа ХҚКО күн сайын бір мыңнан астам адамға қызмет көрсете алады. Қызмет алушыларға ыңғайлы болуы үшін барлық электронды қызметтерді, оның ішінде баланы балабақшаға кезекке қою, жеке несиелік есеп, мекен-жай анықтамасы, зейнетақы аударымдары анықтамасын алуға, некені тіркеуге өтініш беруге болатын «Connection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Астанада мамандандырылған ХҚКО қоса алғанда 6 Халыққа қызмет көрсету орталығы қызмет атқаруда. Жыл басынан бері Астанадағы ХҚКО 800 мыңнан астам қызмет көрсетті, оның 500 мыңы электронды форматта.

Соңғы жаңалықтар