Астанадағы туристік қызмет көрсететін нысандардың сапа деңгейін «Астаналық сервис стандарттары: 3С сапа бренді» жобасы анықтайтын болады

СТАНА. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Астана қаласының әкімдігі Елордалық туризм қауымдастығымен бірлесіп, туристерге қызмет көрсететін нысандардың сапасын арттыру мақсатында «Астаналық сервис стандарттары: 3С сапа бренді» арнайы жобасын әзірледі.
None
None

Бүгін Астанадағы «Рэдиисон» қонақ үйінде аталмыш жобаның таныстырылымы өтті.

Елордалық туризм қауымдастығы директорының міндетін атқарушы Виктория Жүнісова атап көрсеткендей, жоба туристерге қандай да бір қызметтер көрсететін нысандарды атап айтқанда, қонақ үйлерді, дәмханалар мен мейрамханаларды, көрсетілім нысандарын («Бәйтерек» монументі, «Атамекен» этно-мемориалдық кешені және тағы басқа), ойын сауық орталықтарын, туристік агенттіктер мен көліктерді қамтитын болады.

Жобаны жүзеге асырудың бірнеше кезеңі бар. Алдымен, мақсатты топқа кіретін насындар жобаға қатысу туралы хаттамаға қол қояды. Бұдан кейін қатысушы нысандардың «тұтынушылары» арасында сауалнамалар жүргізіліп, олар өңделеді, арыз-шағымдар қаралады. Бренд талаптарына сәйкес келуі мен сапаны бағалау бойынша арнайы комиссия жұмыс жүргізеді. «Құпия клиент» әдісі бойынша қызмет көрсетудің сапасы тексеріледі.

Қорытынды ағымдағы желтоқсан айының соңында шығарылады. Ал аталмыш тексерістерден мүдірмей өткен және сапа стандарттарына толығымен сәйкес келген нысандарға «Астаналық сервис стандарттары: 3С сапа бренді» салтанатты түрде табыс етілетін болады. Оған символикалық бейнелемелер мен арнайы атрибуттар кіреді.

В.Жүнісованың айтуынша сапа стандарттарын жобаны құрастырушы тараптар әзірлеген. «Және ол ең алдымен, қызмет көрсетудегі сапаны арттыруға бағытталған. Себебі, бізде сапа бағасына әрқашан сай бола бермейді. Жобаның мақсаты - бұл екі шартты сәйкестендіру. Өз кезегінде ұйымдастырушылар, қызметкерлерге шет ел тілдерін әсіресе, ағылшын тілін үйрету және олардың біліктіліктерін арттыру бойынша тренинг-сабақтар өткізетін болады. Ал «3С сапа брендіне» лайық деп танылған нысандар қоғамдағы оң имиджімен қатар, ақпараттық қолдауға ие болады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар