Астанадағы Ұлттық музейде «Берел» ғылыми залы ашылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат –Елордадағы Ұлттық музейде Шығыс Қазақстан өңірінен табылған археологиялық жәдігерлерге арналған «Берел» ғылыми залы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш зал белгілі археолог, тарихшы Зайнолла Самашевтың 75 жылдық мерейтойына орай ашылып отыр.

«Бұл үлкен бір оқиға. Неге десеңіз, біздің Ұлттық музейде арнайы ғылыми қор ашылып отыр. Бұл еліміздегі алғашқы осындай қордың бірі деуге болады. Бір жерден, бір өңірден шыққан археологиялық дүниелер арнайы бір жерге сақталып, жаңғырту жұмыстары уақтылы жүргізіліп тұрады. Сондай-ақ,оқушылар, студенттер, жас ғалымдар, магистранттар мен докторанттар ғылыми зерттеуіне пайдаланады. Мұндай залдың болуы аса құнды жәдігерлерге реставрация және консервация жұмыстарын жасауға ыңғайлы. Бұлардың бәрі бір-бірімен тығыз байланысты заттар. Соларды салыстырмалы тұрғыда зерттеу ғалымдар үшін өте ыңғайлы», - дейді ғалымның өзі.

Айтуынша, аталмыш залға Шығыс Қазақстанның тарихи мекендерінен табылған 2 мыңнан астам жәдігер беріппіз. Берел жазығынан табылған алғашқы жәдігерлер, кейінгілердің ішіндегі ең құнды дегендері осы музей Президенттік мәдени орталығы болып тұрған кезде табысталып келген. Соның бәрі енді бір залда сақталмақшы. Бүгін солардың қатарын аса құнды ғылыми кітаптар толықтырып отыр»,- деді Зайнолла Самашев.


Соңғы жаңалықтар
telegram