Астанадағы жаңа Оқушылар сарайына қызметкерлер конкурстық негізде қабылданады - И.Тасмағамбетов

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат /Гүлмира Алякпарова/ - Астанада жаңадан салынып жатқан Оқушылар сарайына қызметке қабылдау конкурстық негізде жүргізілетін болады. Бұл туралы өзінің жеке блогында тұрғындардың сауалына жауап берген елорда әкімі Иманғали Тасмағамбетов айтты.
None
None

24 жастағы елордалық тұрғынның «Тәуелсіздік пен Момышұлы даңғылдарының қиылысында жаңадан бой көтеріп жатқан Оқушылар сарайына жұмысқа қалай орналасуға болады?», - деген сұрағына әкімнің берген жауабы келесідей болды: «Қазіргі уақытта жаңа Оқушылар сарайының қызметкерлер штатын қалыптастыру жүргізіліп жатқан жоқ. Дегенмен, әкімшіліктен бастап техникалыққа дейінгі барлық қызметтерге қабылдау конкурстық негізде жүзеге асырылатынын айта аламын. Жаңа Оқушылар сарайының мүмкіндіктері күн сайын әртүрлі жастағы мыңдаған бала қатыса алатын 100-ге жуық үйірме, студия мен секцияларды ашуға мүмкіндік береді», - деді ол.

И.Тасмағамбетов атап көрсеткендей, балалармен жұмыс істеуге креативті, жігерлі, өз жұмысын сүйетін, өскелең ұрпақты шығармашылыққа баули алатын адамдар келгені маңызды.

Соңғы жаңалықтар