Астанадағы ЖЭО-2 үшін ресейліктер экологиялық қазандық шығарады
САНКТ-ПЕТЕРБОР. 18 қазан. ҚазАқпарат - Ресейлік «Сибэнергомаш» компаниясы Астанада қаласындағы ЖЭО үшін тағы бір қазандық дайындайды.
Кәсіпорында жаңа қазандық агрегатын құрастыру басталды. Ол Екібастұз көмірін эксплуатациялау кезінде азот оксидінің өте төмен деңгейде шығарылуын қамтамасыз ететін құрылғымен жабдықталады.
«Кәсіпорын - Қазақстан энергетикасы үшін құрылғымен негізгі қамтамасыз етуші. Соңғы уақытта осы Кедендік одақтың белсенді қатысушысымен арадағы ынтымақтастық едәуір жанданды. Бұл экологияға баса көңіл аударып отырғандығымызға да байланысты», - дейді кәсіпорынның басқарушы директоры Сергей Алешин.
Қазандықты жеткізу мерзімі - 2014-2015 жылдар.