Астанадағы Жер ресурстары басқармасының жұмысында бірқатар заң бұзушылықтар анықталды

АСТАНА. 15 мамыр. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» ХДП Астана филиалы жанынындағы Сыбайлас жемқорлықпен күрес кеңесінің арнайы комиссиясы елорданың Жер ресурстары басқармасының жұмысын тексеріп, бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады.
None
None

Комиссия басшысы, қалалық мәслихаттың депутаты Николай Мещеряков атап көрсеткендей, Астананың маңайында жер учаскелерін заңсыз иемдену оқиғалары әлі де кездеседі. «Осы мәселелерді реттеу бойынша сан алуан қиыншылықтар бар.  Азаматтар үйді салуды бастайда да, артынан партия көмегіне жүгініп, сол жеке тұрғын-үйді заңдастыруды сұрайды. Міне, осыны жіті бақылау қажет», - дейді ол.

Бұдан басқа, Сыбайлас жемқорлықпен күрес кеңесінің мүшелері Жер ресурстары басқармасында арнайы сенім телефонының жоқтығын анықтады. Бүгінде «сенім телефоны» деп аталатын бір нөмірді үш бірдей кабинеттің қызметкерлері қолданады. Сондай-ақ басқарма басшылығы «Қазгеодезия» кәсіпорнының қызметкерлеріне 28 млн. теңгегенің заңсыз сыйақысын бөліп берген.

Соңғы жаңалықтар