18:42, 05 Желтоқсан 2012 | GMT +5
Астанадан Семейге қатынайтын әуе рейстерін «SCAT» әуе компаниясы жүзеге асырады
АСТАНА. 5 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуе компаниясы Fokker 50 ұшақтарын қолданыстан шығаруына байланысты Семей және Орал қалаларына қатынайтын әуе рейстерін тоқтатты. Бұл жайында ҚР ККМ баспасөз қызметі хабарлайды.

Астана - Семей бағдарындағы әуе қатынасын «SCAT» әуе компаниясы реактивті CRJ-200 әуе кемесімен жүзеге асыратын болады. Ұшу уақыты 1 сағат 45 минуттан 1 сағатқа дейін қысқарады. Ұшу жиілігі аптасына 4 рет.
Астана - Орал бағдары бойынша, жолаушылардың сұранысын қанағаттандыру мақсатында «SCAT» әуе компаниясы ұшу жиілігін аптасына 3 реттен 5 ретке дейін ұлғайтты. Және аталған бағдар бойынша аптасына екі рет «Бек Эйр» әуе компаниясы ұшу рейстерін жүзеге асырады.