Астанаға 1 млн маска жеткізіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы сауда нүктелерінің қоймаларында 1 айға толық жететін азық-түлік бар. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Қазіргі уақытта қаладағы сауда желілерінің қоймаларында 47 мың тонна әлеуметтік маңызды азық-түлік бар. Бұл қазіргі айлық норманы толықтай жабады. Айлық норма - 38 мың тонна. Ол қоймаларды азық-түлік тауарларымен қосымша толықтырамыз. Кеше елордаға 400 мыңға жуық маска жеткізілді. Алдағы уақытта тағы 1 млн маскаға, антисептиктерге тапсырыс берілді. Қажет болған жағдайда апта ішінде жеткізіледі», - деді қала басшысы.

Оның атап өтуінше, ПИК-терге үйлердің кіре берістерін, есік тұтқаларын, баспалдақ жақтауларын, лифтілерді күніне екі мәрте зарарсыздандыру туралы тапсырма берілген.

«Барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режіміне ауыстырылды және гигиеналық заттармен қамтамасыз етілді», - деді Алтай Көлгінов.

Айта кетейік, 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында карантин енгізіледі.


Соңғы жаңалықтар