Астанаға 5 мыңнан астам қонақ келеді: AIF елордаға қанша табыс әкеледі

АСТАНА. KAZINFORM – 29-30 мамыр күндері елордада өтетін Astana International Forum (AIF) қатысушылары келе бастады. Ұйымдастырушылардың хабарлауынша, елордаға 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келеді.

Астана
Фото: Kazinform

Қонақтар қатарында форум қатысушылары, делегация басшылары мен компания жетекшілері және 100-ден астам шетелдік БАҚ өкілдері бар.

Форум ұйымдастырушыларының мәліметінше, қонақтар қаланың 37 ірі қонақүйінен бөлмелер брондаған. 2025 жылғы 26-31 мамыр аралығында 4 жұлдызды қонақүйлер 50-90% толған, ал 5 жұлдызды қонақүйлер 90-100% аралығында толған.

Айта кетсек, іскер туристің бір күндік орташа шығыны – 177 мың теңге (тұру, тамақтану, такси, демалыс пен шопинг шығындарын қоса алғанда) шамасында. Орта есеппен қалада 3 күн болады.

Шетелдік қонақтардың келуі арқылы елорда мен тұтастай ел үшін бұл іс-шараның жалпы экономикалық әсері 2,6 миллиард теңгеден асады деп бағаланған.

Айта кетейік, Түркі елдерінің орталық банктер кеңесінің алғашқы отырысы Астана халықаралық форумы аясында өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар