Астанаға келген белгиялық «Бораттар» қандай жазаға тартылды

АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов елордадағы стадионда бельгиялық командамен келген үш жанкүйердің ерсі қылығына қатысты қандай жаза берілгенін айтты.

Суицид 15-летней школьницы в Актюбинской области: полиция ведет расследование
Фото: Polisia.kz

Айта кетейік, жақында «Қайрат» пен «Брюгге» командалары кездескен еді. Ойын кезінде «Борат» фильміндегі кейіпкердің киімін киіп алған жанкүйерлер полицияға жеткізілгені мәлім болды.

- «Брюгге» жанкүйерлері әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Оларды 5 тәулікке әкімшілік қамауға алу бойынша сот шешімі бар, - деді С. Әділов Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 20 қаңтарда UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі жетінші турында қазақстандық «Қайрат» (Алматы) елордада Бельгияның «Брюгге» (Брюссель) командасымен кездесті.