Астанаға Оңтүстік Кореяның былғары қолғап шеберлері келді

АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің бас қаласына бокстан әлем кубогіне қатысатын Оңтүстік Корея боксшылары келді.

Астанаға Оңтүстік Кореяның былғары қолғап шеберлері келді
Фото: Бокс федерациясы

ҚР Бокс федерациясы мәліметінше, Оңтүстік Корея құрамында Олимпиада және Азия чемпионаттарының жүлдегер боксшылар бар.

Атап айтқанда, ерлер сапында 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Сунчул Хан, 2018 жылғы Азия ойындарының жеңімпазы, Азия чемпионатының үш дүркін чемпионы О Ёнджи.

Әйелдер командасында 2024 жылғы Париж Олимпиадасының қола медаль иегері Эйджи Им (50кг) Оңтүстік Корея намысын қорғайды.

Бұдан бөлек, АҚШ, Канада, Франция, Финляндия, Швеция, Швейцария, Әзарбайжан, Австралия, Германия тағы басқа мемлекеттің боксшылары Астанада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр.

29 маусымға дейін барлық мемлекеттің спортшылары Астанаға жиналады.

Тартысты дода 30 маусым мен 6 шілде аралығында Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе жек сарайында өтеді.

Астанада өтетін әлем кубогында 30 мемлекеттің боксшылары бақ сынайтынын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар