Астанаға талантымен әлемді табындырған балет және опера жұлдыздары келе жатыр

«Опералия» арқасында Астана тұрғындары мен қала қонақтары әлемнің үздік театрларындағы балеттің көрнекті солистері мен танымал опера әншілерінің өнерімен танысуға мүмкіндік алуда.
1 шілде күні сағат 19.00-де Астана қаласындағы «Қазақстан» орталық концерт залында «Опералия-2012» халықаралық фестивалі аясында «Әлемдік балет жұлдыздары» гала концерті өтеді.
Оған әлемге әйгілі Роберта Маркез, Арионель Варгас (Англия), Дерек Данн, Мария Ковроски, Аск ля Кур Расмуссен (АҚШ), Ма Сяньдон, Чжан Синьлю (Қытай ұлттық операсы), Хуан Кая, Шига Якуе (Жапония), Мәскеудегі Үлкен театр солистері Екатерина Крысанова, Владислав Лантратов (Ресей), сонымен қатар өзіміздің К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының жетекші солистері Мадина Басбаева, Рүстем Сейітбеков, Әйгерім Бекетаева, Таир Гатауов, Гаухар Усина, Жандос Әубәкіров және Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрының балет әртістері Сәуле Рахмедова, Азамат Асқаров өнер көрсетеді.