Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астаналық әйел Ақмола облысындағы ат клубында аттан құлап, мерт болды

АСТАНА. KAZINFORM - Астана тұрғыны Ақмола облысындағы ат клубтарының бірінде аттан құлап, алған жарақатынан көз жұмды.

скорая помощь
Фото: Александр Павский / Kazinform

Ақмола облысының Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Целиноград ауданындағы ат клубтарының бірінде болған.

Зардап шеккен әйелдің арызы негізінде 6 шілдеде қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін қызмет көрсету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

13 тамызда әйел алған жарақатынан қайтыс болды.

Осыған байланысты қылмыстық істің саралануы өзгертіледі.

Бұған дейін Атырау облысында пойыз ер адамды қағып кетіп, ол оқиға орнында қаза тапқаны хабарланған болатын.