Астаналық мектеп күрделі жөндеуге жабылды: оқушылар қайда оқиды

АСТАНА. KAZINFORM — Астана қаласындағы № 1 мектеп-лицейінде бекітілген жоспарға сәйкес күрделі жөндеу жұмыстары басталды. 

мектеп , білім
Фото: Мақсат Шағырбай / Kazinform

Мектепті оқу жылы таяғанда неге жөндеуге жапты? Бұның мән-жайын қалалық Білім басқармасынан сұраған едік.

Бізге берген ақпаратқа сәйкес, оқушылар мен педагогикалық ұжым уақытша көрші мектепке ауыстырылды:

— 1–4 сыныптар — бірінші ауысымда оқиды;

— 5–6 сыныптар — екінші ауысымда оқиды;

— 7–11 сыныптар — қашықтан білім алады.

— Ата-аналармен осы оқу форматына көшу туралы шешім жалпы жиналыста алдын ала келісілген. Оқу жылының аяқталуы мен аттестаттарды салтанатты табыстау рәсімі Оқушылар сарайында өтеді, — делінген агенттік жолдаған сауал жауабында.

Сондай-ақ Білім басқармасы бұған дейін тараған мектеп директорының бастамасымен педагогтарды жаппай жұмыстан босатып жатыр деген ақпараттың жалған екенін ескертті.

— Мектепке өткен жылы күрделі жөндеу жүргізілмеген, оқу жылының алдында ішінара ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді, - деп хабарлайды басқармадан.

Еске сала кетсек, Мәжіліс депутаты Темір Қырықбаев елімізде білім беру сапасын арттыруға бағытталған ауқымды реформалар жүзеге асырылғанымен, мектеп жүйесінде бірқатар шешімін таппаған мәселенің барын айтты. Соның ішінде мұғалімдердің жұмысқа сыйақы беріп тұру да бар. 

Соңғы жаңалықтар