Астаналық мергендер Азия чемпионатында бірнеше медаль жеңіп алды

АСТАНА. KAZINFORM – Түркістан қаласындағы «Атшабар» көпфункционалды спорт кешенінде дәстүрлі садақ атудан Азия чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астаналық мергендер Азия чемпионатында бірнеше медаль жеңіп алды
Фото: Астана әкімдігі

Халықаралық деңгейдегі жарысқа Қазақстан ұлттық құрамасымен қатар Моңғолия, Қытай, Қырғызстан, Үндістан, Солтүстік Кипр, Түркия, Өзбекстан, Ресей және Тайланд елдерінен келген спортшылар қатысты. Жалпы саны 10 мемлекеттен 110-ға жуық мерген бақ сынады.

Чемпионатқа 18 жастан жоғары ерлер мен әйелдер қатысты.

Жарыс үш бағыт бойынша өтті:

• Пута нысанасы (9 оқ, 7 мүмкіндік)

• Орта Азия нысанасы (7 оқ, 9 мүмкіндік)

• Жамбы нысанасы (5 оқ, 5 мүмкіндік)

Барлық қатысушы аталған үш нысана бойынша сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша Астана қаласының мергендері жүлделі орындарға ие болды.

Орта Азия нысанасы бойынша:

• Сабыржан Фариза – 1 орын.

Жамбы нысанасы бойынша:

• Батихан Айкөркем – 2 орын.

Пута нысанасы бойынша:

• Фариза Сабыржан – 2 орын;

• Айкөркем Батихан – 3 орын;

• Қасымхан Қанат – 3 орын.

Бұған дейін көркем гимнастикадан «Aphrodite Cup» турнирінде елордалық спортшылар топ жарғанын жазғанбыз.