Астаналықтар шорт-тректен ел құрамасын салтанатпен қарсы алды

 АСТАНА. KAZINFORM - Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Қысқы Азия ойындары және әлемдік тур додасынан оралды.

Астаналықтар шорт-тректен ел құрамасын салтанатпен қарсы алд
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Спортшыларды Ұлттық ұланның үлгілі-көрсетімді оркестрі айбынды әуенмен және сарбаздар салтанатты түрде сап түзеп қарсы алды.

спортшыларды қарсы алу
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Шараға спортшылардың туған туыстары және елорда тұрғындары, сонымен қатар спорт жанкүйерлері, шорт-тректен Қазақстан командасын ұзақ жылдар бойы жаттықтырған Мәдіғали Қарсыбеков, Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит, Спортты дамыту дирекциясының өкілдері қатысты.

спортшыларды қарсы алу
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Сондай-ақ, Ақмола обылысы мәдениет басқармасы Аршалы аудандық ансамблі қарсы алу шарасының көркін қыздырды.

Астанада спортшыларды қарсы алу
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Еске салсақ,шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Миланда өткен 2024/25 ISU World tour соңғы, 6-кезеңінде жеңіс тұғырынан көрінді. Денис Никиша, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев және Әділ Ғалиахметов командалық 5000 метр эстафетада 6 минут 46.08 секунд нәтиже көрсетіп, қола медаль еншіледі.

Айта кетерлігі, дәл осы құрам алдыңғы аптада Қытайдың Харбин қаласында өткен қысқы Азия ойындарында 5000 метр эстафетада тарихи алтын медаль жеңіп алған болатын.

спортшыларды қарсы алу
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Сонымен қатар, Харбинде шорт-тректен қазақстандық спортшылар Ольга Тихонова, Яна Хан, Малика Ермек және Алина Әжғалиева 3000 метрге командалық эстафета бәсекесінде мәре сызығын екінші болып кесіп, тарихи күміс жүлдені қанжығаға байлады.

спортшыларды қарсы алу
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform
спортшыларды қарсы алу
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

 

Соңғы жаңалықтар