Астаналық алаяқ әйел Солтүстік Қазақстан тұрғынын алдап кеткен

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы полицейлері екі күнде 11 интернет-алаяқтық фактісін ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО ІІД баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, астаналық әйелдің алаяқтығынан Солтүстік Қазақстан тұрғыны зардап шеккен. Kolesa.kz сайтынан өзіне қажетті қосалқы бөлшектерді тапқан ер адам сатушының банк картасына тиісті ақшаны аударған. Содан соң «сатушы ізін суытқан».

Департамент қызметкерлері Астананың 37 жастағы тұрғынын анықтады. Әйел адам үйде отырып, сайтта түрлі маркалы автомобильдердің қосалқы бөлшектері сатылатынын жариялаған. Әйел ер адамға ақшасын қайтарып берген соң, оқиға тараптардың ымыраға келуімен аяқталды.

Қылмыстық полиция басқармасының бастығы Петр Климов бұл интернет-алаяқтықтың ең көп тараған түрі екенін айтады. Сенгіш азаматтар алаяқтардың шын сөзіне сеніп, ақша аударып жатады. Алаяқтар жалған жарияланымдарын көбінесе Kolesa, Olx, Instagram, Krisha секілді танымал интернет алаңдарда жариялайды.

Соңғы жаңалықтар
telegram