09:46, 14 Қараша 2011 | GMT +5
Астаналық «Барыс» хоккей командасы «Бірлесіп спортқа» атты акцияға қатысады
АСТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін астаналық «Барыс» хоккей командасы «Бірлесіп спортқа» атты акцияға қатысады.
Аталған шара барысында түрлі сайыстар мен қолтаңба шоуы ұйымдастырылады. Осы сайыстардың жеңімпаздарына арнайы сыйлықтар табысталмақ. Акцияға қатысушылардың арасында шабуылшы Роман Старченко, Джошуа Грэттон,
Евгений Бумагин, Максим Худяков, Вадим Ермолаев, сондай-ақ қоғаушы Алексей Литвиненко мен қақпашы Алексей Иванов бар.
Осы спорттық шара елордадағы «Сарыарқа» ойын-сауық орталығында сағат 18:00-де басталады.