Астаналық дәрігерлер «Денсаулық жолы» акциясын өткізеді
Шілденің 20-24 күндері өтетін шара аясында сағат 10:00-16:00 аралығында денсаулық сақтау мамандары аталмыш кент тұрғындарына консультациялар беріп, әлеуметтік маңызды аурулардың алдын алу бойынша қажетті іс-шараларды өткізіп, диспансерлік бақылауға алады.
Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі мемлекеттің бәсекелестік қабілеттілігіндегі басты фактордың бірі. Халықтың денсаулығы ең алдымен әлеуметтік-экономикалық дамуға әсерін тигізеді.
Еске сала кетейік, жыл сайын 1 шілде мен 31 тамыз аралығында елімізде "Денсаулық жолы - 2015" кең ауқымды шарасы өткізіледі. Шараның басты мақсаты - ауыл тұрғындарына қажетті медициналық көмек көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттау болып табылады.
Сондай-ақ шілденің 27-31 күндері аталмыш акция №6 қалалық емханада Промышленный ауданының тұрғындары үшін ұйымдастырылады.