Астаналық кардиохирургтер Павлодарда операция жасауда

ПАВЛОДАР. Сәуірдің 4-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Астанадағы Ұлттық ғылыми-медициналық орталықтың мамандары Павлодардағы Кардиохирургия бөлімінде 20 науқасқа операция жасайды,

Астаналық  кардиохирургтер   Павлодарда   операция жасауда
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Оперциялардың барысын олардың павлодарлық әріптестері көрулері үшін, аортокоронарлы шунттау операциясының барысы теледидар арқылы мәслихат залына трансляцияланады. Елордалық кардиохирургтердің басты міндеті - павлодарлық мамандарға бар білгендерін үйрету. Жылдың соңында павлодарлық мамандар облыс орталығында өздері алғашқы операциялар жасайтын болады, деп атап көрсетті Ұлттық ғылыми-медициналық орталықтың басшысы Абай Байгенжин. Қазақстанда кардиохирургтердің көмегіне 8 мыңдай адам мұқтаж. Жүрек аурулары тым «жасарып» кетті - 25 жастағы адамдар жүрек дертіне ұшырауда, дейді мамандар.