Астаналық нотариустар жылжымайтын мүлікті электронды тіркеу жүйесіне көшті

АСТАНА. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Елордада қала нотариустары үшін жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды түрде тіркеуге өтініш беруді талқылауға арналған оқыту семинар-мәжілісі өткізілді.
None
None

Семинарды Астана қаласының Әділет департаменті мен қалалық Нотариаттық палатасы ұйымдастырды, деп хабарлайды astana.kz сайты аталған ведомствоға сілтеме жасап.

Әділет департаментінің мәліметі бойынша, бұл жаңалық 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілген. Электронды тіркеу арқылы жылжымайтын мүлікті тіркеу уақытын 1 күнге дейін қысқартуға болады.

Еске салайық, жылжымайтын мүлікті электронды тіркеу - мәміле нотариат куәландырғаннан кейін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеден құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне автоматты түрде түсетін құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік тіркеу.

Іс-шара соңында, нотариаттық әрекетке байланысты қолданыста жүрген заңнамаларға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер талқыланып, нотариустардың барлық сұрақтарына қанағаттандырлық жауап берілді.

Соңғы жаңалықтар