12:05, 22 Шілде 2015 | GMT +5
Астаналық санкцияланбаған наразылық акциясын жасағаны үшін ескерту алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында Н-ға қатысты әкімшілік іс қаралды, ол 2015 жылғы 17 шілдеде «Баспанасыздыққа жол жоқ» деген плакатты қолына ұстай отырып, тосқауыл түрінде санкцияланбаған наразылық акциясына қатысқан, деп хабарлады соттың баспасөз қызметінен.
Яғни, жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз заңсыз тосқауылға қатысқан. Құқық бұзушы «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының нормасын бұзған. Сот отырысында құқық бұзушы кінәсін мойындады. Сот қаулысымен құқық бұзушы Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 488-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды және ескерту түрінде әкімшілік жаза тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.