“Астаналық” велошабандоз “Вольта Альгарева” жарысының жеңімпазы атанды
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бәсеке ақпанның 17-сі күні басталған болатын. Бұл додада "Астана" намысын - Альберто Контадор, Андрей Гривко,Дэвид Де Ла Фуэнте, Даниэль Наварро, Дэниель Новаль, Максим Гуров, Сергей Ренев пен Хесус Эрнандес қорғаған еді. Ақырғы 5-ші кезеңде мәре сызығын екінші боп кесіп өткен испандық А. Контадор негізгі жіктелімде осымен қатарынан екінші рет "Вольта Альгарве" көпкүндігінің жеңімпазы атанды. Ол жарыс жолын 19:57:48-де басып өтті. Одан 30 секунд қалып қойған "Caisse d'Epargne" клубындағы Луис Леон Санчес екінші және 32 секунд кешіккен "RadioShack" клубының шабандозы португалиялық Тиаго Мачадо үшінші орын алды. Ал "Астаналық" өзге спортшылардан испандық Д.Наварро - 58-ші, украиндық А.Гривко 72-ші орынға табан тіреді.