«Астаналық» велошабандоздар Франко-Бельгия орамы жарысына қатысады

 АЛМАТЫ. Қыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астана» велоклубының шабандоздары қазанның 1-4-і күндері өтетін Франко-Бельгия орамы жарысына қатысады,

«Астаналық» велошабандоздар Франко-Бельгия орамы жарысына қатысады

деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Франция мен Бельгия елдерінде өтетін бұл дүбірлі додаға «астаналықтарды» клубтың спорт директорларынан Дирк Демоль бастап бармақ. Онда бұл жолы «Астана» намысын 8 спортшы қорғамақ. Олар - Асан Базаев, Александр Дьяченко, Андрей Зейц, Валерий Дмитриев, Михаэль Шор, Роман Киреев, Стив Морабито мен   Томас Вайткус.  Жалпы қазіргі таңда клуб қоржынында түрлі деңгейдегі жарыстарда спортшылар қол жеткізген 29 жеңіс бар. Оның ең алғашқысы ақпанның 20-да,  ал соңғысы қыркүйектің 6-сы күні тіркелді.