17:06, 01 Қыркүйек 2009 | GMT +5
"Астаналық" велошабандоздар Испания турында бақ сынап жатыр
АЛМАТЫ. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Астаналық" велошабандоздар Испания турында бақ сынап жатыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Тамыздың 29-ы күні жалауы көтерілген бұл байрақты бәсеке қыркүйектің 20-сына дейін созылмақ. Оған "астаналық" велошабандоздарды клубтың спорт директорларынан Шон Йетц пен Александр Шефер бастап алып барды. Онда қазақстандық кәсіби велоклубтың намысын - Асан Базаев, Максим Иглинский, Хесус Эрнандес, Крис Хорнер, Даниэль Наварро, Хосе Луис Рубьера, Михаэль Шар, Александр Винокуров пен Аймар Субельдия қорғауда. Бұл тамыздың 24-і күні "Астана" сапына қосылған Александр Винокуровтың алғашқы сайысы болып отыр.