"Астаналық" велошабандоздар Италиядағы Piemonte және Lombardia жарыстарына қатысады
АЛМАТЫ. Қазанның 14-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Астана" велоклубының шабандоздары қазанның 15-і мен 17-сі күндері Италиядағы бір күндік сайыстарға қатысады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат қазақстандық кәсіпқой клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Спорт директорларынан Александр Шефер жетекшілік жасаған "астаналықтар" қазанның 15-і күні "Giro del Piemonte", ал 17-сі күні "Giro di Lombardia" жарысына қатысады. Онда клуб намысын қорғау - Александр Винокуров, Александр Дьяченко, Болат Райымбеков, Валерий Дмитриев, Крис Хорнер, Максим Иглинский, Роман Киреев пен Яни Брайковичке сеніп тапсырылып отыр. Олар бұған дейін қазанның 11-інде «GP Bruno Beghelli», ал 10-ы күні «Giro dell' Emilia» додаларына қатысқанымен жеңімпаздар қатарына ене алмаған болатын.