12:11, 09 Шілде 2009 | GMT +5
Астаналық жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды
АСТАНА. Шілденің 9-ы. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Бүгін елордадағы Еуразия ұлттық университетінде астаналық жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекеттік тапсырыс аясында өткен жәрмеңкеге жұмыс беруші құрылыс, туризм, мұнай-газ, қаржы, білім және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы компаниялар қатысты. Іс-шараның негізгі мақсаты - Астанадағы жұмыссыз жастарға қолдау көрсетіп, қалаған қызмет орнына орналастыру.
Жәрмеңке ұйымдастырушылары - «Әлеуметтік жобалар» жастардың қоғамдық қоры, Астана қаласының әкімдігі және «Жас Отан» жастар қанаты.