09:52, 12 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Астаналық зоолог пингвиндерді Каспийге әкелуді ұсынды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астаналық зоолог Ратмир Буяшев пингвиндерді Каспийге әкелуді ұсынды. Қазір ол бұл ойын жүзеге асыру үшін демеуші іздеуде, деп жазды «Экспресс-К».
Ратмир Буяшев Жаңа Зеландиядағы пингвиндерді өсіретін шаруа қожалығында болған. Зоолог бұл құстарға қандай азық керектігін және қандай климатқа бейімделе алатынын зерттеп келген. Нәтижесінде Буяшевте пингвиндерді Каспийге әкелу ойы пайда болды.
«Қазір пингвиндерді көру үшін көптеген туристер Антарктидаға аттанады, - деді Ратмир Буяшев. - Жаңазеландиялық ферма иесімен жиырмаға жуық корольдік пингвинді сатып алуға келістім. Бұл Каспийдің Қазақстандық бөлігінде аталған құстарды өсіруге жеткілікті. Азық қоры да жеткілікті».
Ратмира Буяшев пингвиндерді саудагерлер өз пайдасына пайдаланады деп алаңдайды. Сондықтан оларды жағалаудағы шипажайдың біріне орналастырып, күзету керек. Әр пингвиннің құны - 5 мың доллар.