18:14, 12 Ақпан 2013 | GMT +5
Астаналықтар «115» нөмірі немесе электронды портал арқылы прокуратураға жүгіне алады
АСТАНА. 12 ақпан. ҚазАқпарат - «115» нөміріне телефон соғу арқылы (қоңырау соғу - тегін) прокуратура органдарына жүгінуге болады, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы. Сондай-ақ, ведомствода Астананың кез-келген тұрғыны мен қала қонақтарының электронды цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, www.115.kz порталына электронды өтініш жолдауға мүмкіндіктері бар екенін еске салады.

Электрондық форматта өтініш беру тәртібі туралы толық ақпаратты www.prokuror. kz cайтынан алуға болады.