Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астаналықтар биыл төрт мұз қалашығын қызықтай алады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары биыл қыста төрт мұз қалашығын қызықтай алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы әкімдігінің мәдениет басқармасына сілтемей жасай отырып.

Астаналықтар биыл төрт мұз қалашығын қызықтай алады

Қаладағы мұз қалашықтарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Мұз қалашық еліміздің бас шыршасы жағылған 18 желтоқсаннан бастап ашылады.



Қалалық мәдениет басқармасының хабарлауынша, биыл мұз қалашықтар «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының жанында, қалалық әкімдік жанындағы алаңда, Есіл өзенінің жағалауында, «Студенттер» паркінің жанында орналаспақ.

«Былтырғы тәжірибеге сүйенек, қала халқы мұз қалашықтарға өте көп барған. Сондықтан, биыл да мереке күндері мен демалыс кезінде халыққа арнап әр түрлі көңіл көтеру бағдарламаларын, флешмобтар мен жарыстар ұйымдастырмақпыз. Бұл шаралардың мақсаты - елорда халқының демалысын көңілді ету әрі салауатты өмір салтын қалыптастыру», - дейді мәдениет басқармасының баспасөз қызметі.



Еске сала кетейік, биыл Астанада Жаңа жыл мерекесіне арналған бас шырша Тәуелсіздік күнінен кейін, 18 желтоқсан күні жағылады.

 Бас шырша «Хан шатыр» ойын-сауық орталығының жанында орналасады.

Жыл сайын шырша 1 желтоқсан күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жанатын. Биыл Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай, қала алдымен тәуелсіздік мерекесіне дайындалып жатыр. Астана қалалық Мәдениет басқармасынан хабарлағандай, елордада Жаңа жыл мерекесіне орай барлығы 17 шырша орнатылады. Бір ғана Есіл ауданы мен Үркер, Қаламаңы тұрғын алқаптарында 10 жаңажылдық шырша орнату жоспарланған. Биылғы жаңажылдық безендірудің басты нышаны - Тауық қана емес, еліміздің басты оқиғасы - ЭКСПО көрмесі де болады. Айта кетейік, Астанада ашық аспан астындағы ең үлкен мұз айдыны «Арай» саябағында салынуда. 250 адамға арналған мұз айдынының жалпы аумағы - 5 мың шаршы метр.