18:14, 06 Шілде 2016 | GMT +5
Астаналықтар нөсер жауынның суынан балық «аулады» (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 6 шілде - Астана қаласының туған күнінде елордада әдетінше, аяқ астынан нөсер жауып өтті.
Халық бұл жауынды нұрға баласа, ал, әлеуметтік желілердегі белсенді азаматтар жауын салдарынан су басқан көшелерді видеоға түсіріп, желіде таратып жатыр.
Кейбір тұрғындар «Астана - 18 жасқа толып жатыр ғой, 18 жастағы бойжеткен сияқты, бойындағы жақсы да жаман мінездерін көрсетіп жатыр» деген жазба қалдыруда.
Ал, «Қазмедиаорталық» қызметкерлері су басқан Д.Қонаев көшесіне шығып, Астананың туған күнін қалжыңға айналдырды. Журналист Маралбек Сағындықов қолына қармақ алып, балық аулап жүр. Міне, сыры мен жыры бітпейтін Астананың туған күні сан түрлі қызыққа толы өтуде.