Астаналықтар Патрисия Каастың концерттік бағдарламасын тамашалайды

АСТАНА. 22 қазан. ҚазАқпарат - 30 қарашада «Қазақстан» концерт залында танымал француз әншісі Патрисия Каастың концерті өтеді. Бұл туралы елорданың ресми сайты хабарлады.
None
None

Концерт Қазақстандағы Франция жылы аясында ұйымдастырылады. Патрисия көрермендер назарына әйгілі француз орындаушысын еске алуға арналған «Каас Пиафты жырлайды» шоу бағдарламасын ұсынады. Себебі, қарлыққан дауыс ерекшелігі жағынан оны Эдит Пиафқа жиі ұқсатады.

Бағдарламаға көпшілік сүйіп тыңдайтын Padam - Padam, Je t'ai dans la peau, сонымен қатар орыс тіліндегі бірқатар әндер енген.

Қазіргі кезде П.Каас Ресейде концерт беріп жүр. Ол Түмен, Самара, Қазан, Челябі, Пермь, Ижевск қалаларын аралайды. Астанадағы концерттен кейін Санкт-Петербор және Мәскеу қалаларында өнер көрсетеді. Әншінің айтуынша, оның жетістікке жетуінің басты себебі - гастрольдер, Каас ұдайы шетелдерде жүреді. Оның 2013 жылғы гастрольдік кестесінде 150 концерт белгіленген.

Айта кетейік, Каастың репертуары поп-музыка мен классикалық шансон араласқан әндерден тұрады. 1988 жылы Каастың алғашқы «Мадемуазель шырқайды» атты альбомы жарыққа шыққан соң әлем бойынша 17 миллионнан астам жазбасы сатылған.

Соңғы жаңалықтар