Астаналықтар танымал тұлғалардың 40 жуық балауыз мүсінін тамашалайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 13 шілдеде Бейбітшілік және келісім сарайында балауыз мүсіндер көрмесі ашылады. Көрмеге Петербор балауыз портрет жасау шеберлерінің 40 жуық мүсіні қойылады.
None
None

Атақты билеушілер, тарихи тұлғалар, актерлар, мультфильм кейіпкерлері - осы және басқа да көптеген кейіпкерлердің фигуралары астаналықтардың назарына ұсынылмақ, деп хабарлайды astana.kz.

Келушілер үшін басқа да тосын сыйлар әзірленді. Адамзат тарихындағы ең табысты футболшы Пеленің және танымал боксшы Майк Тайсонның да балауыз мүсіндері жасалған.

Көрмеде «Ұлттық аң және балық аулау», «Жұлдыздар соғысы», «Аватар», «Кариб теңізінің қарақшылары», «Сақиналар әміршісі», «Гарри Поттер» және т.б. фильмдердің кейіпкерлерін тамашалауға болады. Бұдан басқа, минотавр мен сфинкс те бар.

Балауыз мүсіндер көрмесі шілденің 13-нен тамыздың 21-не дейін күн сайын сағат 10.00-ден кешкі 20.00 дейін жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар