Астаналықтардың орташа айлық жалақысы - 122 мың теңге - И.Тасмағамбетов

ТАНА. 21 қараша. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов елорда тұрғындарының орташа айлық жалақысын жария етті.
None
None

«Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 400 млрд. теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 29 пайызға көп. Осының негізінде астаналықтардың орташа айлық жалақысы өсті. Бүгін ол 122 мың теңгені құрайды», - деп атап өтті И.Тасмағамбетов бүгін, «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ қала басшысы атап көрсеткендей, 2011 жылдың бірінші жартыжылдығында Астана қаласының өңірлік жалпы өнімі 60 млрд. теңгені құрады, бұл елдің ІЖӨ-нің 7,9 пайызы. Елорда кәсіпорындары шығарған өнеркәсіптік өнімдердің жалпы көлемі 150 млрд. теңгені (өткен жылмен салыстырғанда 30 пайызға көп) құрады.

И.Тасмағамбетов экономикамен қоса әлеуметтік көрсеткіштерге де тоқталды. Атап айтқанда, өткен жылы мектептердегі орын тапшылығы 18 мыңнан 12 мыңға азайтылды. Соңғы үш жылда қалада 10 емдеу-алдын алу мекемесі бой көтерді, кезекте тағы 7-еуі тұр.

Соңғы жаңалықтар