Астананың көлік қозғалысы ең тығыз 15 жолайрығы анықталды

АСТАНА. KAZINFORM - Sergek ITS аналитиктері Астанадағы көлік қозғалысы ең тығыз 15 жолайрықты анықтады.

Астана, погода, зима, пробки
Фото: Виктор Федюнин / Kazinform

Сонымен, қаладағы жиі кептеліс болатын қиылыстар:

Тұран даңғылы – Қорғалжын тас жолы

Достық көшесі – Ақмешіт көшесі

Тұран даңғылы – Сарайшық көшесі

Достық көшесі – Түркістан көшесі

Сарайшық көшесі – Ақмешіт көшесі

Қабанбай батыр даңғлы – Сарайшық көшесі.

Қабанбай батыр даңғылы – Қонаев көшесі

Қабанбай батыр даңғылы – Достық көшесі

Достық көшесі – Сауран көшесі

Қонаев көшесі – Түркістан көшесі

Қабанбай батыр даңғылы – Қорғалжын тас жолы

Тәуелсіздік даңғылы – Момышұлы көшесі

Кенесары кһшесі – Жеңіс даңғылы

Республика даңғылы – Сейфуллин көшесі

Уәлиханов көшесі – Сейфуллин көшесі

Сараптама кезінде Sergek ITS аналитиктері келесі критерийлерді назарға алды:

- Қозғалыс қарқындылығы (қазіргі жүктеменің жолдың өткізу қабілетіне қатынасы)

- Қиылыстағы орташа жылдамдық

- Қиылыстағы көлік кезектерінің ұзындығы

- Жолдардың жүктелу деңгейі

- Кептелістердің тұрақтылығы

- Кептеліс ұзақтығы

Осыған дейін Алматыда жаңа жолайрық салынатыны туралы хабарладық.

 

Соңғы жаңалықтар