Астанада сол жағалаудағы жолдың бір бөлігі жабылады

АСТАНА. KAZINFORM – Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Алматы көшесіндегі (Саураннан Қабанбай батыр даңғылына дейін) орташа жөндеу жұмыстарының басталғанын хабарлады. 

Астананың сол жағалауындағы жолдың бір бөлігі жабылады
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

Осыған байланысты 13-25 сәуір аралығында аталған учаскеде қозғалыс жартылай жабылады. Бұл ретте көліктердің қозғалысы бір жақтан екі бағытта да ұйымдастырылады. 

– Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері орнатылады, - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, бұған дейін елордада LRT құрылысына байланысты Қалдаяқов көшесінде жол қозғалысы уақытша өзгеретінін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар