Астананы ЕХРО елордасы ретіндегі танымалдығын арттыру бағытындағы жұмыстар көңіл көншітпейді - Н.Назарбаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананы ЕХРО елордасы ретіндегі танымалдығын арттыру бағытындағы жұмыстар көңіл көншітпейді. Бұл туралы бүгін елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
None
None

«Тіпті, біздің өзімізде, Қазақстанда көрме өткізу туралы және оның мәнін халықтың шағын бөлігі ғана біледі. Бұл біздің барлығымыздың идеологиялық, насихат жұмыстарымыздың нәтижесі», - деді Мемлекет басшысы.

Сонымен бірге Елбасы әлемде Астананы ЕХРО елордасы ретіндегі танымалдығын арттыру бағытындағы жұмыстар да көңіл көншітпейтіндігін ашық айтты.

«Осы көрме арқылы біз Астана мен Қазақстанды насихаттауымыз керек», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар