«Астананың» бапкерлер штабында бірқатар өзгерістер болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаңтар айының басында елорданың футбол клубында бірқатар өзгерістер болды, деп хабарлайды Sports.kz.
None
None

Команданың бас жаттықтырушысының көмекшісі қызметін атқарған Александр Москаленко клубтан кетіп қалды. 42 жастағы маманның жаттықтырушылық мансабын қайда жалғастыратыны әзірге белгісіз.

Москаленко «Астананың» жаттықтырушылар клубына өткен жылдың наурыз айында кірген. Бұған дейін ол «Булат-АМТ», «Қайсар» және «Екібастұз» клубтарында жұмыс істеген. Бапкер ретінде Қазақстанның бірінші лигасын (2016 жыл) және сол жарыстың қола жүлдесін жеңген (2015). Сондай-ақ Москаленко бірінші лиганың (2015) үздік бапкері ретінде танылды.

Еске сала кетейік, 2018 жылғы маусымда «Астана» командасы бесінші рет Қазақстан чемпионы атанған.

Соңғы жаңалықтар