Астананың бірнеше көшелері жабылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы автомобиль жолдары басқармасы қаланың көшелерін орташа жөндеуден өткізу аясында жөндеу жұмыстары басталады, деп хабарлайды әкімнің сайты.

26-28 шілде аралығында А. Ахматова көшесі, А. Петров көшесінен Күйші Дина көшесіне дейінгі учаске жабылады.

26 шілдеден бастап 2 тамызға дейін Ақбидай көшесі ішінара жабылады,  Өндіріс көшесінен К. Кемеңгерұлы көшесіне дейін учаске жабылады.

26 шілдеден бастап 25 тамызға дейін Болашақ көшесі ішінара жабылады, Т. Кенжин көшесінен Алмалық көшесіне дейін учаске жабылады.

Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген учаскелерде көлік қозғалысына шектеу қойылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарына қала жолдарында кептеліс жағдайларына тап болмас үшін жүру маршруттарын алдын ала жоспарлап алуға кеңес береді. 

Соңғы жаңалықтар