Астананың кардиохирургтары жүректерінде ақауы бар оңтүстікқазақстандық балаларға ота жасады

АСТАНА. 25 мамыр. ҚазАқпарат - Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында Астанадан келген «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ-ның мамандары балалар кардиохирургиясы бойынша шеберлік сабағын өткізді.
None
None

Бұл туралы ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Оңтүстік Қазақстан облысында жыл сайын шамамен 350-400 бала жүректің туа біткен ақауымен дүниеге келеді, оның ішінде 150 балаға ота жасау қажет. Қазіргі уақытта 1924 бала жүректің туа біткен ақауымен диспансерлік есепте тұрса, олардың 400-і - бір жасқа дейінгі балалар.

«Елбасы Н. Назарбаев 2011 жылы біздің өңірімізге жасаған іссапары барысында балалардың өлімін төмендету бойынша шаралар қолдану туралы тапсырма берген еді. Осыған байланысты ОҚО денсаулық сақтау басқармасы 2011 жылғы 18 наурызда облыстық кардиологиялық орталықта 12 төсек-орынға есептелген балалар кардиохирургиялық бөлімін ашу туралы бұйрық шығарды. 2011-12 жылдары жүректің туа біткен ақауы бойынша 350 балаға ота жасалды. Балалар кардиохирургиялық бөлімі ашылмас бұрын біздің өңіріміздің балалары Астана және Алматы қалаларындағы республикалық орталықтарға ота жасату үшін жіберілетін», делінген баспасөз хабарламасында.

2011-12 жылдары балалар кардиохирургиясы бойынша Польшадан келген мамандардың қатысуымен 2 шеберлік сабағы өткізілді. Оның барысында жүректің туа біткен ақаулары бар балалар мен ересектерге 90 ота жасалды.

Облыста жүректің күрделі туа біткен ақаулары (Тетрадо Фалло, Магистральды қантамырлардың екі есе ауытқуы, Атриовентрикулярлы канал, т.с.с.) және салмақтары 10 келіге толмайтын балаларға ота жасауға үлкен мұқтаждық болуына байланысты жұмыс орнында шеберлік сыныбы өткізілуі қажет. Осыған байланысты бүгін «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы» АҚ мамандары қатысуымен балалар кардиохирургиясы бойынша арнайы шара өткізілді. Онда жүректің күрделі ақаулары бар балаларға және салмақтары 8 келіге толмайтын ЖТБА бар балаларға оталар жасалды. Сонымен қатар екі орталықпен өзара меморандумға қол қойылды, бұл іс-шаралар балалар кардиохирургиясын әрі қарай дамытуға сөзсіз ықпалын тигізеді және орталықтағы медициналық көмектің сапасын жетілдіруге мүмкіндік беріп, облсытағы жүректің туа біткен ақаулары бар балаларға ауадай қажет маңызды және күрделі оталардың қолжетімділігін арттырады», делінген баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар