14:06, 16 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Астананың қаржы полициясы елордадағы мемлекеттік санитарлық -эпидемиологиялық қадағалау департаментінің қызметкерін пара алды деп айыптап отыр
АСТАНА. Қыркүйектің 16-сы. ҚазАқпарат /Дамир Байманов/ - Астананың қаржы полициясы елордалық мемлекеттік санитарлық -эпидемиологиялық қадағалау департаментінің қызметкерін пара алды деп айыптап отыр,

деп хабарлайды ҚР Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі.
«Астана қаласы бойынша қаржы полициясы департаменті ҚР Денсаулық сақтау министрлгінің Астана қаласы бойынша мемлекеттік санитарлық-эпидемологиялық қадағалау департаментіндегі лауазымды тұлғаның пара алуына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 311 бабы, 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады», - делінген қаржы полициясының таратқан ақпаратында.
Қаржы полициясының мәліметтеріне сүйенсек, кәсіпкерлердің бірі әкімшілік жазаға тартылмас үшін департамент қызметкеріне 25 000 мың теңге көлемінде пара ұсынған.