Астананың медициналық сақтандыру қоры емханаларға 77,1 млрд теңге төледі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері медициналық сақтандыру қоры елорданың мемлекеттік және жекеменшік жеткізушілеріне 77,1 млрд теңге төледі, деп хабарлады қордың баспасөз қызметінен.

Төлемдердің көп үлесі стационарлық және стационарлықты алмастыратын көмек (25,6 млрд теңге), жоғары технологиялық медициналық қызмет (20,7 млрд теңге) және амбулаторлық-емханалық көмекке (10,4 млрд тенге) жұмсалған.

ӘМСҚ қалалық филиалының жеткізушілері - 85 медициналық ұйыммен амбулаторлық-емханалық көмек, стационарлық көмек, алғашқы медициналық-санитарлық көмек, кеңес беру-диагностикалық көмек, жедел жәрдем, жоғары технологиялық медициналық қызмет және т.б қызмет түрлері бойынша 122 келісім орнатылды.

Жеткізушілердің ішінде 36 медициналық мекеме - мемлекеттік, 49-ы - жекеменшік. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 жекеменшік жеткізушіге көп. Елорданың барлық жеткізушілерінің толық тізімін қордың fms.kz сайтында танысуға болады.

Соңғы жаңалықтар
telegram