Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Астананың ұн комбинаттарындағы бидай қоры 10 336 тоннаны құрайды

АСТАНА. 21 қаңтар. ҚазАқпарат - 2013 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтер бойынша, Астана қаласының бидай нарығына қатысушыларда азық-түлік қажеттілігіне арналған 126 884 тонна бидай бар.

Астананың ұн комбинаттарындағы бидай қоры 10 336 тоннаны құрайды

Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты Статистика департаментіне сілтеме жасап хабарлады.

Департаменттің мәліметі бойынша, азық-түлік тағамдарына арналған негізгі дақылдар - бидай (қолда бар дақылдың 99,5%-ы), қара бидай (0,1%), жүгері (0,1%) және сұлы (0,3%).

«Азық-түлікке арналған бидайдың көп бөлігі (91,4%) қаланың элеваторларында жинақталған. Ұн комбинаттарында өңдеуге арналған 10 336 тонна бидай, 357 тонна сұлы және 153 тонна жүгері бар», - делінген таратылған хабарламада.

Қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтері бойынша, 2012 жылы қаланың кәсіпорындары 137,1 мың тонна ұн, 16, 9 мың тонна нан, 11,14 мың тонна макарон және 10 тонна жарма өндірген. Сондай-ақ, 105,05 мың тонна ұн, 6,12 мың тонна макарон және 4,33 мың тонна жарма экспортқа шығарылды.