«Астананың» ұзақ үзілістері маған ұнамайды - С.Стойлов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ертең, 21 қараша күні "Астана-Арена" стадионында "Астана" мен "Қайрат" клубтары арасында футболдан Қазақстан Республикасы кубогының финалы өтеді. Бүгін алматылық "Қайрат" футбол клубының бас жаттықтырушысы Владимир Вайсстың баспасөз мәслихатынан соң, «Астана» клубының бас жаттықтырушысы Станимир Стойлов та ертеңгі матчқа қатысты БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.
None
None

С.Стойлов бір апта демалған командасының мұндай «ұзақ» үзілістері өзіне ұнамайтынын атап өтті.

«Маған команданың осындай ұзақ үзілістері ұнамайды. Себебі, команданың ойыны мен дайындығы жақсы жолға қойып алған едік. Енді, осындай үзілістерден кейін команда қандай формада екенін білу қиын. Бірақ, ойыншыларым Кубоктың қандай маңызды жарыс екенін түсінеді деп ойлаймын. Сондықтан, алаңдағы абыройымызды қорғауымыз керек», - дейді С.Стойлов.

Станимир Стойлов «Қайрат» командасы өте мықты қарсылас екенін, команда бөлініп емес, тұтастай ойнай білетінін, Қазақстан чемпионатының финалында да осы команда қарсылас болғанын атап өтті.

«Команда Қазақстан чемпионатының финалында да бізге қарсы мықты ойын көрсетті. Тіпті, чемпионат финалының соңғы минуттарына дейін кімнің жеңетінін білмедік. Ертеңгі Кубок финалында да осындай тартысты ойын болар», - деді сөзін аяқтаған С.Стойлов. Бас жаттықтырушының баспасөз мəслихатынан кейін команда ойыншылары "Астана-Арена" стадионында ашық жаттығу өткізді.

Соңғы жаңалықтар