Астрахан аудандық байланыс торабы сандық жүйеге көшірілді

КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/-Ақмола облысына қарасты Астрахан аудандық байланыс торабы сандық жүйеге көшіріліп, қызмет көрсету арнасы артып, сапасы жақсартылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осы мақсатқа «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы 12 миллион теңгеден астам қаржы қарастырып, барлық озық технологиялық жүйені уақытында іске қосқан. Техникалық жаңғырту шаралары барлық 12 елді мекенде шешімін тауып отыр. Нәтижесінде аудан орталығынан қашықта орналасқан Степное, Ұзынкөл, Старый Колутон, Новый Колутон елді мекендерінің телефон байланысы жетілдірілді. Бүгінде аудан көлемінде 5031 абонент тіркелген. Тек өткен жылы 167 ауыл тұрғынының үйі телефон байланысына қосылған.
Соңғы жаңалықтар