Астраханьда жарылыстан зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз ету үшін 350 млн.рубль бөлінеді

АСТАНА. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының Үкіметі Астраханьдағы жарылыс салдарынан зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз ету үшін 350 миллион рубль бөлу туралы шешім қабылдады.
None
None

Тағы 36 млн. рубль шығындарды өтеу үшін жұмсалады, деп мәлімдеді РФ Үкіметінің басшысы Владимир Путин, деп жазады Утро.ру.

Премьердің айтуынша, адамдарға қайтыс болған әрбір туысы үшін 1 млн. рубль төленеді. Денсаулығына ауыр зақым келген азаматтарға 400 мың рубль, жеңіл зақым алғандарға - 200 мың рубль төленеді. Толық жоғалтылған мүлік үшін - 100 мың рубль, жарым-жартылай болса - бір адамға 50 мың рубль көлемінде ақша төленеді.

Естеріңізге сала кетейік, дүйсенбі күні Астраханьда көпқабатты тұрғын үйде тұрмыстық газ жарылып, салдарынан кіреберістердің бірі толық опырылып құлады. Қайғылы оқиға он адамның өмірін қиды.

Соңғы жаңалықтар